Құрлық әскерлерi әскери институтының мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы № 659 Қаулысы
(2011.26.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. № 1080 қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери академиясы» мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы» 2002 жылғы 27 ақпандағы № 815 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған «Құрлық әскерлерiнiң әскери институты» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) туралы ереже бекітілсiн.
2. ҚР Үкіметінің 2011.26.05. № 580 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Мекеме қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджетте 009 «Жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мұқтажына көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақтың 3) тармақшасына (құпия).
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының