Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V Қылмыстық-атқару кодексі (2025.16.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2) қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындарында;

3) сотталған адам жазасын өтеп жатқан мекеме аумағында орналасқан ұйымдарда жұмысқа орналастырылады.

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Мекемелердің әкімшілігі осы Кодекстің 88-бабы төртінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда сотталғандарды сол түрдегі басқа мекемеде жұмысқа орналастыруға құқылы.

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 1-2-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

1-2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген объектілерде жұмысқа орналастыру мүмкіндігі болмаған кезде сотталғандар мекеме орналасқан елді мекен шегіндегі күзетілетін аумақтың шегінен тыс жердегі өзге де ұйымдарда, олар жұмыс берушінің есебінен инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзету құралдарымен жабдықталған және мекеме әкімшілігі тиісті күзету мен оқшаулауды қамтамасыз еткен жағдайда, жұмысқа орналастырылуы мүмкін.

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 1-3-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

1-3. Сотталғандарды мекеменің күзетілетін аумағынан тыс орналасқан өндірістік объектілерге шығаруға рұқсат не одан бас тарту сотталғандарға мінездемесі мен мінез-құлқы ескеріле отырып, мекеме бастығының не оны алмастыратын адамның қаулысы бойынша, мекеме комиссиясының материалдары негізінде беріледі. Қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 1-4-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

1-4. Мыналар:

1) өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар;

2) есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар деп танылған, сондай-ақ туберкулезден не басқа да инфекциялық аурудан емделуді аяқтамаған сотталғандар;

3) террористік, экстремистік қылмыстар үшін не қылмыстық топтың құрамында жасаған қылмыстары үшін сотталғандар;

4) қашып шығуға бейім ретінде профилактикалық есепте тұрған сотталғандар;

5) жазасын өтеу кезеңінде жасаған қасақана қылмыстары үшін сотталғандар;

6) теріс мінез-құлық дәрежесі бар сотталғандар мекеменің күзетілетін аумағынан тыс жерге шығарылмайды.

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 1-5-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

1-5. Мекеме әкімшілігі:

1) қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары тұрған органдарының жазбаша нұсқауы бойынша;

2) оны босату кезінде;

3) сотталған адам жазаны өтеу тәртібін бұзған жағдайда;

4) жұмыс беруші шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда;

5) мекемеде ерекше жағдайлар режимі енгізілген кезде сотталған адамды жұмысқа орналастырылған ұйымнан кері шақыртып алуға міндетті.

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 1-6-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

1-6. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.

2. Сотталғандарды жұмысқа орналастыру кезінде әкімшілік олардың жынысын, жасын, денсаулық жағдайын, еңбекке қабілеттілігін, мүмкіндігінше - мамандығын және жазаны өтеу уақытында оны алуын ескеруге міндетті.

3. Сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесіне кірмейтін ұйымдардың объектілерінде еңбекке тарту мекеме әкімшілігі, ұйым және сотталған адам арасындағы шарттардың негізінде жүзеге асырылады.

4. Сотталғандар мекемелер аумағында жеке еңбек қызметімен айналысуға құқылы.

5. Сотталғандарды камералық ұстау жағдайларында еңбекке тарту осы Кодекстің 149-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Сотталғандарды пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар мен лауазымдардың тiзбесi мекемелердiң ішкi тәртiптеме қағидаларында белгiленедi.

7. Мекемелердiң ұйымдарында ерікті жалданушы инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен бiлiктi жұмысшылардың еңбегiн жұмыс iстейтін сотталғандар санының он бес пайызына дейiнгi шекте пайдалануға жол берiледi.

8. Сотталғандарға еңбек жанжалдарын шешу мақсатында жұмысты тоқтатуға тыйым салынады. Жеке еңбек даулары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

9. Сотталғандардың жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін мекемелер аумағында орналасқан өндірістік объектілерді өзге меншік нысандарындағы ұйымдарға беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 10-бөлікпен толықтырылды; 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 10-бөлік өзгертілді (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Еңбек объектілерінде ұжымдық еңбек даулары, төтенше жағдайлар және оқиғалар туындаған жағдайда мекеме әкімшілігі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін және прокурорды жазбаша нысанда хабардар етеді.

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі және прокурор мұндай хабарламаны алған соң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.

 

120-бап. Еңбек жағдайлары және оған ақы төлеу

1. Сотталғандардың еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен айқындалады.

2. Сотталғандардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және жалақының белгіленген ең төмен мөлшерінен төмен болмауға тиіс.

 

121-бап. Мекемені абаттандыру және онда тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстарға тарту

1. Сотталғандар кезектілік тәртібімен жұмыстан бос уақытта ұзақтығы аптасына екі сағаттан аспайтын:

1) камераларды, бөлмелерді және ортақ пайдаланылатын үй-жайларды абаттандыру бойынша;

2) негізгі қоршауда және ішкі тыйым салынған аймақтың шегінен тыс жерде орналасқан инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзету құралдары бар объектілерді қоспағанда, мекеменің аумағын және оған іргелес жатқан аумақты абаттандыру бойынша;

3) мәдени-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық тұру жағдайларын жақсарту бойынша ақысы төленбейтін жұмыстарға тартылады.

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 ж. 1 шілдеден, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Стационарлық жағдайларда медициналық көмек алу үшін мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдағыларды қоспағанда, сотталғандардың осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген жұмыстарды орындаудан бас тартуы осы Кодексте көзделген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

3. Тәртіптік изоляторда, жалғыз адамдық камерада және уақытша оқшаулау үй-жайларында ұсталатын адамдар камераларда және ортақ пайдаланылатын орындарда тұрудың санитариялық-гигиеналық жағдайларын жақсарту және тәртіптік изолятордың, жалғыз адамдық камераның және уақытша оқшаулау үй-жайының аумағын абаттандыру бойынша ұзақтығы аптасына екі сағаттан аспайтын ақы төленбейтін жұмыстарға тартылады.

 

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 122-бап өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

122-бап. Жалақыдан, зейнетақыдан, жәрдемақылардан және өзге де кірістерден ұстап қалу

Сотталғандардың жалақысынан, зейнетақысынан, жәрдемақыларынан және өзге де кірістерінен атқару парақтары немесе басқа да атқарушылық құжаттар бойынша сомаларды ұстап қалу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен, бірақ көрсетілген кірістердің жалпы сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде жүргiзiледi. Ұстап қалудан қалған сома, мөлшеріне қарамастан, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының есебіне жатқызылады.

Бұл ретте қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарда бар сомаларды қоспағанда, соманың қалған бөлігі ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аз болуы мүмкін.

Атқару парақтары немесе басқа да атқару құжаттары бойынша ұстап қалу сотталғандардың туыстарынан немесе басқа адамдардан алатын ақша аударымдарынан да жүргізіледі, бұл ретте айына бір рет жиырма айлық есептік көрсеткіштен асатын сома ұстап қалуға жатады.

 

123-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру

1. Мекемелерде сотталғандарға техникалық және кәсіптік білім беру жүзеге асырылады.

2. Сотталғандарға техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру үшін кәсіптер мен мамандықтар тізбесін еңбек нарығының мониторингін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша мекеме әкімшілігі қалыптастырады.

3. Техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

20-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРҒА ТӘРБИЕЛІК ЫҚПАЛ ЕТУ

 

124-бап. Тәрбие жұмысы

1. Сотталғандармен тәрбие жұмысы олардың түзелуіне, заңдардың талаптарын сақтауға, еңбекке және өзге де қоғамға пайдалы қызметпен айналысуға, білім деңгейі мен мәдени деңгейін арттыруға, сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларға қатысуға ұмтылысын қалыптастыру мен нығайтуға бағытталған.

2. Мекемелерде қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, имандылыққа, әлеуметтік-құқықтық, еңбекке, дене шынықтыруға тәрбиелеу және өзге де тәрбие түрлері жүзеге асырылады.

3. Сотталғандармен тәрбие жұмысы түзеу мекемесінің түрі, жаза мерзімі, ұстау жағдайлары ескеріле отырып, сараланып ұйымдастырылады. Ол психологиялық-педагогикалық әдістер қолданыла отырып, жеке, топтық және көпшілік нысандарда жүзеге асырылады.

Әрбір сотталған адаммен тәрбие жұмысы оның жеке басының дара ерекшеліктері мен жасаған қылмыстарының мән-жайлары ескеріле отырып жүргізіледі.

4. Сотталғандардың тәрбиелік іс-шараларға қатысуы оларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану, сондай-ақ олардың мінез-құлқын бағалау кезінде ескеріледі.

 

125-бап. Әлеуметтік бейімдеу және психологиялық көмек жөніндегі жұмыс

1. Мекемелердің әкімшілігі сотталғандармен жеке тәртіппен олардың қажеттіліктеріне сәйкес, әлеуметтік бейімдеу жөніндегі жұмыстар мен психологиялық жұмыс жүргізеді.

2. Сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі жұмыс мынадай:

1) сотталғандармен жұмыс жөніндегі жеке бағдарламаларды әзірлеу;

2) сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеу, ұйымдастыру және іске асыру;

3) мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды және жұртшылықты сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге тарту;

4) сотталғандардың жағымды әлеуметтік байланыстарын нығайтуға жәрдемдесу;

5) босатылатын адамдарға осы Кодекстің 27-тарауына сәйкес көмек көрсету нысандарында жүзеге асырылады.

3. Мекеме әкімшілігі сотталған адамды түзеу мақсатында оның қоғамның толыққанды мүшесінің әлеуметтік мәртебесінде қалпына келуіне, құқық нормалары мен жалпы қабылданған мінез-құлық нормалары негізінде оның қоғамда өз бетінше өмір сүруге оралуына жәрдемдеседі (қайта әлеуметтендіру).

4. Сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуге психолог тартылады, ол әрбір сотталған адамның жеке басының жеке-психологиялық ерекшеліктеріне диагностика жүргізеді және сотталғандардың оқшаулау жағдайларына, әлеуметтік ортаға және ұстау режиміне бейімделуіне, адамдар арасындағы қатынастарды оңтайландыруға, сондай-ақ босап шығуға дайындалуына психологиялық көмек көрсетеді.

 

126-бап. Сотталғандардың ерікті ұйымдары

1. Сотталғандардың түзелуіне жәрдемдесу мақсатында мекемелерде ерікті негізде мекеме әкімшілігінің бақылауымен жұмыс істейтін сотталғандардың ұйымдары құрылады.

Өзін жақсы жағынан көрсеткен сотталғандардың арасынан мекемелер ұжымдары мен отрядтарының кеңестері құрылады.

2. Мыналар сотталғандардың ерікті ұйымдарының негізгі міндеттері болып табылады:

1) мекемеде оң моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру;

2) сотталғандардың жағымды әлеуметтік байланыстарын дамыту;

3) сотталғандардың қоғамдық-пайдалы бастамасын қолдау;

4) сотталғандарға рухани, кәсіптік және дене бітімінің дамуына көмек көрсету;

5) сотталғандардың еңбегін, тұрмысын және бос уақытын ұйымдастыруға жәрдемдесу.

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Ерікті ұйымдардың жұмысына қатысу сотталғандардың мінездемелерін жасау кезінде ескеріледі.

4. Сотталғандардың ерікті ұйымдарының мүшелері қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтарды пайдаланбайды және мекеме әкімшілігінің өкілеттіктеріне ие бола алмайды.

 

127-бап. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуды ұйымдастыру

1. Мекемелерде отыз жасқа толмаған сотталғандардың бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмді мiндеттi түрде алуы ұйымдастырылады.

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Отыз жастан асқан сотталғандар мен мүгедектігі бар сотталғандар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімді өздерінің қалауы бойынша алады.

3. Емтихандарды тапсыру үшiн оқушылар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан босатылады.

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген, емдеу-профилактикалық мекемелерінде, тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық камераларда, уақытша оқшаулау үй-жайларында жатқан, сондай-ақ мекемелердегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған сотталғандарға өз бетінше бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу үшін жағдайлар жасалады.

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм алуға ұмтылыс көтермеленеді және сотталғандардың мінез-құлық дәрежесін айқындау және мінездемелерін жасау кезiнде ескерiледi.

 

 

21-тарау. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨТЕРМЕЛЕУ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ

 

128-бап. Көтермелеу шаралары

1. Жақсы мiнез-құлқы, еңбекке, оқуға адал қарағаны, ерікті құрылымдардың жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқаны, қылмыспен келтірілген залалдың орнын толтыру жөнінде шаралар қолданғаны үшiн сотталғандарға мынадай көтермелеу шаралары:

1) алғыс жариялау;

2) сыйлықпен марапаттау;

3) сыйлықақы беру;

4) қосымша қысқа мерзiмдi кездесу беру;

5) мереке күндерi тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi сомада қосымша ақша жұмсауға рұқсат беру;

6) бұрын белгіленген жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау қолданылады.

2. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген көтермелеу шараларынан басқа, демалыс және мереке күндерiн сағат тоғыздан он сегізге дейін мекеменің шегінен тыс жерде өткiзуге рұқсат беріледі.

 

129-бап. Көтермелеу шараларын қолдану тәртібі

2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы Кодекстің 128-бабы бірінші бөлігінің 1) - 5) тармақшаларында көзделген көтермелеу - мінез-құлқының бағалауы жоқ не дәрежесі бірінші, екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталғандарға, ал 6) тармақшадағы - дәрежесі бірінші немесе екінші теріс мінез-құлықты сотталғандарға, осы баптың үшінші бөлігінде айқындалған тәртіппен қолданылады.

2. Дәрежесі екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталғандарға көтермелеу тәртібімен жылына төрт ретке дейін қосымша қысқа мерзiмдi кездесу алуға рұқсат берiледi.

3. Бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастауға жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жаза қолданылған күннен бастап кемінде үш ай өткен соң жол беріледі. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға жол берілмейді.

4. Көтермелеу мекеменің лауазымды адамының уәжді қаулысымен қолданылады.

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

5. Сотталғандарға заңды бұза отырып қолданылған көтермелеулердің күші жоғары тұрған лауазымды адамның уәжді қаулысы не прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.

 

130-бап. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзу

1. Осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген талаптарды орындамау жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзу болып табылады.

2. Мыналар жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн қаскөйлікпен бұзушылықтар болып табылады:

1) мекемені абаттандыру және тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстардан дәлелсіз себептермен бас тарту;

2) мекеме әкiмшiлiгiнiң өкiлдерiне қатер төндіру, оларды қорлау, оларға бағынбаушылық, оның iшiнде жазаны өтеу режимін бұзу мақсатында, өзiне қандай да бiр қасақана зақым келтірумен ұштасқан бағынбаушылық;

«Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-бабы үшінші бөлігінің және 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 130-бабы екінші бөлігі 2) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» ҚР Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 37-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз

3) мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген нәрселерді, құжаттарды, заттарды, бұйымдарды, заттектерді, тамақ өнімдерін беру (алу), жасау, сақтау;

4) сот тағайындаған мiндеттi және мәжбүрлеп емдеуден жалтару;

5) мекеме әкімшілігі осы Кодекстің 119-бабына сәйкес ұсынған ақысы төленетін жұмыстан бас тарту;

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің, медициналық денсаулық сақтау ұйымының және жұмыс объектісінің аумақтарын өз бетінше тастап кету;

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) осы Кодекстің 113-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мекеменің шегінен тыс жерге қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шығуға рұқсат етілген, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу, моншаға, шаштаразға бару үшін, оқуына және өздері орындайтын жұмысына байланысты шығуға рұқсат етілген сотталған адамның мекемеге белгіленген мерзімде оралмауы;

8) алкогольді, есірткі заттарын, психотроптық немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану;

9) материалдық немесе өзге де пайда табу мақсатында карта, сондай-ақ өзге де ойындар ойнау;

10) сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау;

11) ұсақ бұзақылық жасау;

12) осы бөліктің 1) - 11) тармақшаларында көрсетiлген бұзушылықтарды жасауға бағыттап, сотталғандар топтарын ұйымдастыру немесе оларға белсенді түрде қатысу;

13) сотталған адам сол үшін алты ай iшiнде тәртiптік изоляторға жабу не жалғыз адамдық камераға ауыстыру түрiндегi жазалауға тартылған, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қайталап біртектес бұзу;

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

14) мекеме әкімшілігінің рұқсатынсыз мекеменің ішкі тыйым салынған аймағының қоршауынан өту;

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

15) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін белгіленген қағидаларға сәйкес медициналық куәландырудан өтуден бас тарту;

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

16) бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіштердің қажетті шолуына кедергі жасау.

3. Жазалау шарасы қолданылған сотталған адам жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы деп танылады.

Тәртіптік изоляторға жабуды не жалғыз адамдық камераға ауыстыруды қоспағанда, алты ай ішінде екі және одан көп рет жазалау шарасы қолданылған сотталған адам жазаны өтеудің белгіленген тәртібін ұдайы бұзушы деп танылады.

Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды жасаған сотталған адам, оған тәртіптік изоляторға жабу не жалғыз адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалау қолданылған кезде жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылады.

4. Жазалау мекеменің лауазымды адамының уәжді қаулысымен қолданылады.

 

131-бап. Жазалау шаралары

1. Сотталғандарға жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн мынадай жазалау шаралары:

1) ескерту;

2) сөгiс;

3) 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге тәртіптік изоляторға жабу;

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) төрт айға дейiнгi мерзiмге жалғыз адамдық камераларға ауыстыру қолданылады.

2. Жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеп жүрген сотталғандарға жатақханадан тыс жерде тұру құқығының күшiн жою және жұмыстан бос уақытта мекеме аумағының шегінен тыс жерге шығуға отыз тәулікке дейiнгі мерзiмге тыйым салу түрiндегi жазалау қолданылады.

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды

3. Сотталған адамға қатысты жазалау шарасын қолдану туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.

 

132-бап. Жазалау шараларын қолдану тәртібі

1. Сотталған адамға жазалау шараларын қолдану кезінде бұзушылықты жасаудың мән-жайы, сотталған адамның жеке басы және бұрынғы мінез-құлқы ескерiледi.

2. Қолданылатын жазалау теріс қылықтың ауырлығы мен сипатына сәйкес болуға тиiс.

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Жазалау мекеменің лауазымды адамының уәжді қаулысымен, теріс қылық анықталған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер тексеру жүргізілсе - ол аяқталғаннан кейін, бірақ теріс қылық жасалған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады.

Тәртіптік изоляторда және жалғыз адамдық камерада ұстау мерзімі көрсетілген үй-жайларға нақты жабылған күннен бастап есептеледі.

4. Жазалау дереу орындалады, ал сотталған адам ауырған, ол этаппен жөнелтілген не оны орындау үшін жағдайлар болмаған кезде - қолданылған күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей орындалады.

5. Бiр бұзушылық үшiн бiрнеше жазалау қолдануға тыйым салынады.

6. 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 7-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Сотталған адамды жалғыз адамдық камераға ауыстыру, оны тәртіптік изоляторға жабу жазалау мерзімі көрсетіліп, оларда ұстау мүмкіндігі тұрғысынан медициналық куәландырғаннан кейін жүргізіледі.

Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін алдыңғы бұзушылығы үшін тәртіптік изоляторға жабу түріндегі жазасы бар сотталған адамға қатысты ғана жалғыз адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалау шарасын қолдануға жол беріледі.

8. Мекеменің балалар үйiнде емiзулi балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүктiлiгiне және босануына байланысты жұмыстан босатылған әйелдер және кәмелетке толмағандар жалғыз адамдық камераға ауыстырылмайды және тәртіптік изоляторға жабылмайды.

9. Тәртіптік изоляторға жабылған және жалғыз адамдық камераларға ауыстырылған сотталғандарға осы Кодексте көзделген барлық жазалау шаралары қолданылады.

10. Егер сотталған адам тәртiптiк жазалауды өтеген күннен бастап алты ай бойы жаңадан жазалауға тартылмайтын болса, ол жазасы жоқ деп есептеледі, ал жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылған - ондай деп есептелмейді.

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 11-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

11. Сотталғандарға заңды бұза отырып қолданылған тәртіптік жазалардың күші жоғары тұрған лауазымды адамның уәжді қаулысымен не прокурорлық қадағалау актісі бойынша жойылады.

 

133-бап. Мекемелердің көтермелеу және жазалау шараларын қолданатын лауазымды адамдары