«Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 735 бұйрығы

Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 735 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 119-бабы 1-6 бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру қағидалары мен шарттары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен норма шығармашылығын үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

 

Қазақстан Республикасы

ішкі істер министрі

2025 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 735 бұйрықпен бекітілген

 

 

Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру

қағидалары мен шарттары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі - ҚАК) 119-бабы 1-6 бөлігіне сәйкес әзірленді және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Қағидалар:

1) сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру жөніндегі қызметті жоспарлауды;

2) сотталғандардың еңбегін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптарды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.