2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 10-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Сотталған адам өзі таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес бюджет қаражаты есебінен өзі барады.
27-тарау. ЖАЗАСЫН ӨТЕУДЕН БОСАТЫЛАТЫН СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ
166-бап. Мекеме әкiмшiлiгiнiң босатылатын сотталғандардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына жәрдемдесу жөніндегі мiндеттерi
2016.30.12. № 39-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 307-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Мекеме әкiмшiлiгi бас бостандығынан айыру мерзiмi аяқталғанға дейiн бір жылдан кешiктiрмей, сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарын, ішкі істер органдарын оның алдағы уақытта босатылатыны, оның тұрғынжайының бар-жоғы, оның еңбекке қабiлеттілігi және алған мамандықтары туралы хабардар етеді.
Мекеме әкімшілігі бұл ретте сотталған адамға босатылғаннан кейін әлеуметтік бейімделу үшін қажетті әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемі бойынша жеке бағдарлама жасайды, ол сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органға жолданады.
2. Сотталған адамды бостандыққа дайындау мақсатында онымен ұйымдастыру-тәрбиелеу іс-шаралары жүргiзiледi, оның құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, сондай-ақ алпыс үш жастан асқан ерлер мен елу сегіз жастан асқан әйелдерді олардың жазбаша өтiнiшi және мекеменiң ұсынуы бойынша әлеуметтiк қорғау органдары қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға) жiбередi.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж өзге де адамдар олардың жазбаша өтініші және мекеменің ұсынуы бойынша әлеуметтік бейімдеу орталықтарына жіберіледі.
167-бап. Жазасын өтеуден босатылатын адамдарға көмек көрсету
1. Қамаққа алу, бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын өтеуден босатылатын адамдар өздері таңдаған тұрғылықты жерiне немесе жұмыс орнына дейiн тегiн жол жүрумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағының шегінде жол жүргенде тамақ өнімдерімен не ақшамен қамтамасыз етiледi.
2. Мекемеден босатылатын адамның маусым бойынша қажетті киімі, аяқкиімі және оларды сатып алуға қаражаты болмаған жағдайда, ол бюджет қаражаты есебінен киіммен және аяқкиіммен қамтамасыз етіледі.
3. Жазадан босатылатын адамдарды тамақпен, киiммен, аяқкиiммен қамтамасыз етудi, сондай-ақ жол жүруіне ақы төлеуді жазаны орындайтын мекеме жүргізеді.
2016.30.12. № 39-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бөлік жаңа редакцияда
4. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдерді, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден босату кезінде мекеме әкімшілігі олардың жұбайын (зайыбын), туыстарын не сотталған адамның өтінішінде аталған өзге де адамдарды, сондай-ақ сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметін алты ай бұрын хабардар етеді.
2016.30.12. № 39-VI ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мекемелерден босатылатын, денсаулық жағдайы бойынша ұдайы күтiмге мұқтаж адамдар, сондай-ақ он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар тұрғылықты жерiне жұбайының (зайыбының), туыстарының немесе оларды алып кетуге келген өзге де адамдардың не мекеме немесе сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі жұмыскерiнің еріп жүруімен жiберiледi.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 168-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
168-бап. Жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсету
2026.11.06. № 307-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгi:
1) жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына, сондай-ақ оларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiнің ұсынылуына жәрдем көрсетеді;
2) мекемелерден босатылған адамдар үшін жыл сайын жұмыс орындарына квоталар бөледі, сондай-ақ оларды жұмысқа орналастыратын жеке және заңды тұлғаларды көтермелейді.
2. Мекемеден босатылған адам жұмысқа және тұрмыста орналасуда өзіне көмек ұсынылуы және әлеуметтік көмектің өзге де түрлері ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.
169-бап. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын пробациялық бақылау
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын бақылауды оның тұрғылықты жерiндегі iшкi iстер органдарының полиция қызметкерлері қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамды тиiсiнше бақылауды қамтамасыз ету және оның тұрған жерi туралы ақпарат алу үшiн iшкi iстер органдарының полиция қызметкерлері тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекітетін электрондық бақылау құралдарын қолдануға құқылы.
Электрондық бақылау құралдарын қолдану өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға міндетті болып табылады.
Электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2. Ішкі істер органдары шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдарды жазасының қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде дербес есепке алуды жүзеге асырады, оларға жүктелген мiндеттердiң орындалуын бақылайды.
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Егер шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылған адам жазасының қалған өтелмеген бөлігі ішінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап, сол үшін оған әкімшілік жаза қолданылған болса немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан қаскөйлікпен жалтарған болса, қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде қайталап қылмыс жасаса, сотқа дейінгі іс жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабы бірінші бөлігінің, 68-бабы бірінші және үшінші бөліктерінің, 78-бабы екінші және төртінші бөліктерінің негізінде тоқтатылған жағдайда, ішкі істер органы сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазасының қалған өтелмеген бөлігін орындау туралы ұсыну жібереді.
4. Ішкі істер органдары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды есепке қойғаннан кейін:
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін оның жергілікті атқарушы органдарға келуін қамтамасыз етеді;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сот қаулысының көшірмесін жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
5. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 7-бөлік жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам өзіне әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
8. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам:
1) мекемеден босатылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында тіркеуден өтуге;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өзі есебінде тұрған ішкі істер органына айына кемінде бір рет өзінің мінез-құлқы туралы есеп беру үшін келіп тұруға;
3) ішкі істер органдары айқындаған уақытта тұрғылықты жерін тастап кетпеуге;
4) ішкі істер органдарын жазбаша хабардар етпестен тұрақты тұрғылықты жерін, жұмыс пен оқу орнын ауыстырмауға;
5) ішкі істер органдары айқындаған орындарға жұмыс пен оқудан бос уақытта бармауға;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) ішкі істер органдарының жазбаша рұқсатынсыз басқа жерлерге шықпауға;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) негізгі жазаны толық өтегенге және пробациялық бақылау мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуге;
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) алкогольдік ішімдіктерді, сондай-ақ медициналық емес мақсаттарда есірткі мен психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынбауға;
7) жәбірленушінің денсаулығына, мүлкіне келтірілген залалдың немесе мемлекетке келтірілген материалдық залалдың орнын толтыру жөнінде шаралар қолдануға;
2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) ішкі істер органдарының талап етуі бойынша түсініктеме және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның мінез-құлқына бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құжаттарды ұсынуға міндетті.
9) 2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда, ішкі істер органдары оның тұрған жерін және жалтару себептерін анықтау бойынша бастапқы іс-шараларды жүргізеді.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұратын жері анықталмаған жағдайда, ішкі істер органдары сотқа оған іздестіру жариялау туралы не бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсыну енгізеді.
2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен 170-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
170-бап. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылау
2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Психикасының бұзылуына немесе өзге де ауыр сырқатына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылауды ол босатылған не ол бекітілген мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адам емделіп жатқан денсаулық сақтау ұйымы оның денсаулық жағдайы туралы ақпаратты мекеме әкімшілігіне тоқсан сайын береді, ал сауыққан немесе қайтыс болған жағдайларда оған және прокурорға дереу хабар береді.
2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Адам сауыққан жағдайда, жазаны орындауды жалғастыру сотталғанның өтінішхаты бойынша не мекеме әкімшілігінің ұсынуы бойынша соттың қаулысымен жүргізіледі.
2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 171-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
171-бап. Əкімшілік қадағалау
Əкімшілік қадағалау бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты:
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстары үшін - жазасын өтегеннен кейін үш жылға;
2) ауыр қылмыстары үшін - жазасын өтегеннен кейін алты жылға;
3) аса ауыр қылмыстары үшін жазасын өтегеннен кейін сегіз жылға белгіленеді.
172-бап. Өздеріне қатысты ішкi iстер органдарының әкiмшiлiк қадағалауын белгiлеу қажет адамдарға материалдарды дайындау және ресiмдеу
1. Мекеме әкiмшiлiгi өздеріне қатысты iшкi iстер органдарының әкiмшiлiк қадағалауын белгілеу қажет адамдар тобын айқындайды және жаза мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей, сотқа осы адамдарға қатысты әкімшілік қадағалау белгілеу туралы ұсыну жібереді.
2. Өзіне қатысты әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамды мекемеден босатар алдында мекеме әкiмшiлiгi оның таңдаған тұрғылықты жерiндегі iшкi iстер органына сот қаулысын, оған мінездеме беретін материалдар мен келетін уақыты туралы хабарлама жiбередi.
3. Өзіне қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген адам таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген жағдайда, ішкі істер органы оның тұрған жерін және келмеу себептерін анықтау бойынша бастапқы іс-шараларды жүргізеді.
Аталған адамның тұрған жері анықталмаған жағдайда, ішкі істер органы сотқа оған іздестіру жариялау және бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсыну енгізеді.
4. Тиiсінше әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру және сот өзіне қатысты әкімшілік қадағалау белгілеген адамның тұратын жерi туралы ақпаратты алу үшiн ішкі істер органдары тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы. Оларды қолдану тәртібін және ішкі істер органдарының қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыруды қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
5. Өзіне қатысты сот әкімшілік қадағалауды белгілеген адамды есепке қойғаннан кейін ішкі істер органдары:
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін оның жергілікті атқарушы органдарға келуін қамтамасыз етеді;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сот қаулысының көшірмесін жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
6. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 8-бөлік жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Өзіне қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілеген адам өзіне әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар өзіне қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 9-бөлік өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Өзіне қатысты сот әкімшілік қадағалауды белгілеген адам айына кемінде бір рет тіркелу, есеп беру және өзімен профилактикалық әңгімелесу жүргізуге қатысу үшін өзі есебінде тұрған ішкі істер органына келіп тұруға міндетті.
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 173-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
173-бап. Жазасын өтеуден босатылған, туберкулезбен ауыратын адамдарға мәжбүрлеп ем қолдану тәртібі
1. Мекемелерден босатылатын, жазаны өтеу кезеңінде емделудің толық курсынан өтпеген, айналасындағыларға қауіп төндіретін туберкулезбен ауыратын науқастар босатылғаннан кейін сот шешімі бойынша босатылған жеріндегі мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емделуге жатады.
2. Мекеме әкiмшiлiгi осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдарға қатысты жаза мерзiмi аяқталғанға дейін бiр айдан кешіктірмей, оған мәжбүрлі ем тағайындау туралы ұсынуды мекеме орналасқан жердегі сотқа жiбередi.
3. Туберкулезбен ауыратын, өздеріне қатысты сот шешімімен мәжбүрлеп емдеу белгiленген адамдарды мекемелерден босату туралы хабарлама босатылған жердегі мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарға және iшкi iстер органдарына жiберiледi.
28-тарау. ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАЛҒАН АДАМДАРҒА ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
174-бап. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету тәртiбi
1. Пробациялық бақылаудағы, шартты түрде сотталған адамды есепке қойған кезде пробация қызметі:
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) денсаулық жағдайын, оның бiлiм деңгейiн, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерiнiң бар-жоғын анықтай отырып, сотталған адамның жеке басын зерделеуді жүргізеді;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) әлеуметтiк-құқықтық көмек алу, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртiбiн түсiндiредi, сондай-ақ тiркелу үшiн пробация қызметiне келу күндерiн белгiлейдi;
3) сот жүктеген мiндеттердi орындау, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылыққа тарту тәртiбiн түсiндiредi;
2. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Шартты түрде сотталған адам өзіне әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар шартты түрде сотталған адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
4. Шартты түрде сотталған адамдар пробация қызметiнiң алдында өзiнiң мінез-құлқы туралы есеп беруге, сот жүктеген мiндеттердi орындауға, тiркелу үшiн, сондай-ақ шақыру бойынша пробация қызметіне айына екi рет (ауылдық жерде тұратындар бір рет) келіп тұруға мiндеттi. Дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда, шартты түрде сотталған адамға күштеп әкелу қолданылады.
5. Тиісінше пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және сотталған адамдардың тұратын жерi туралы ақпарат алу үшiн пробация қызметi тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы.
6. Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда, пробация қызметi оның тұратын жерi мен жалтару себептерiн анықтау бойынша бастапқы iс-шараларды жүргiзедi. Оның тұратын жері анықталмаған жағдайда, пробация қызметі сотқа оған іздестiру жариялау және бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсыну енгізеді.
175-бап. Пробациялық бақылау мерзiмiн есептеу
1. Пробациялық бақылау мерзiмi шартты түрде сотталған адамды пробация қызметінің есебіне қойған кезден бастап есептеледi.
2. Пробациялық бақылау сот үкімінде белгіленген барлық мерзім бойына жүзеге асырылады. Пробациялық бақылау мерзiмi өткеннен кейін пробация қызметi шартты түрде сотталған адамды өзінiң есебiнен шығарады.
3. Пробациялық бақылау мерзiмiнiң өтуi шартты түрде сотталған адамға iздестiру жариялау туралы сот қаулысының негізінде бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізу басталған кезден бастап тоқтатыла тұрады және сот қаулысы бойынша қайта басталады.
176-бап. Шартты түрде сотталған адамның жауаптылығы
1. Егер шартты түрде сотталған адам:
1) сол үшін өзiне әкiмшiлiк жаза қолданылған, қоғамдық тәртiп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса;
2) электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзса (бүлдiрсе) не дәлелсiз себептермен тiркелуге келмесе немесе пробация қызметiн хабардар етпестен, тұрғылықты жерiн ауыстырса;
2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) геномдық тіркеуден өтуден жалтарса;
3) қылмыстық теріс қылық жасаса, пробация қызметi сотқа пробациялық бақылау мерзiмiн ұзарту, бiрақ бiр жылдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы, ал кәмелетке толмаған адамға қатысты алты айдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы ұсыну енгiзедi, сондай-ақ шартты түрде соттаудың күшiн жою мүмкiндiгi туралы жазбаша нысанда ескерту шығарады.
2. Шартты түрде сотталған адам өзіне сот жүктеген мiндеттердi орындамаған не осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды қайталап жасаған жағдайда, сондай-ақ егер ол пробациялық бақылаудан жасырынса, пробация қызметі сотқа шартты түрде соттаудың күшiн жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы, ал кәмелетке толмаған сотталған адамға қатысты - пробациялық бақылау мерзімін ұзарту, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы ұсыну енгізеді.
3. Пробация қызметiне тiркелу үшiн келмеген күнінен бастап он бес күннен астам уақыт бойы тұратын жерi анықталмаған шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылаудан жасырынып жүр деп танылады.
4. Шартты түрде сотталған адам электрондық бақылау құралдарын бұзған (бүлдiрген) жағдайда, пробация қызметi акт жасайды.
Электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзған (бүлдiрген) жағдайда, сотталған адамдар заңда белгiленген тәртiппен материалдық жауаптылықта болады.
177-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Кодекс, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тарауды, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 78-бапты және Қылмыстық-атқару кодексіне Қосымшаның 1) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 58-бапты және Қылмыстық-атқару кодексіне Қосымшаның 1-тармағын қоспағанда, 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9,67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат);
2) «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін күшіне енгізу туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 338-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2003 ж., № 24, 180-құжат; 2009 ж., № 24, 128-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң жалпы және қатаң режимдердегi түзеу колонияларында, сондай-ақ тәрбиелеу колонияларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарды ұстаудың жеңiлдiктi жағдайлары жөнiндегi ережелерiн қолданысқа енгiзу туралы» 2000 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 18, 339-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы шілденің 5-і.
№ 234-V ҚРЗ