Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 278 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығымен күші жойылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағы 39)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қоса беріліп отырған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (А.Ә. Сәду):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республики Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Министр | В. Божко |
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 9 маусымдағы
№ 278 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау
нормативтері
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағы 39)-тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын күтіп-ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптарды қамтиды.
1-параграф. Ұн мен түрлі жарма
(МЕМСТ 26574, МЕМСТ 26791)