«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 95-ө Өкімі
(2015.02.09. берілген өзгерістермен)
1. Қоса беріліп отырған «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
ҚР Премьер-Министрінің 2015.02.09. № 76-ө Өкімімен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 95-ө өкімімен
бекітілген
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі