Борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушы қорытындысының үлгі нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 218 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 695 бұйрығымен күші жойылды
2014 жылғы 7 наурыздағы «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған борышкердің қаржылық жағдайына қатысты уақытша басқарушы қорытындысының үлгі нысаны бекітілсін.
2. Республикалық мемлекеттік мүлікке билік ету және оңалту мен банкроттық рәсімдері әдіснамасы департаменті (Д.Б. Әділханов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Республикалық мемлекеттік мүлікке билік ету және оңалту мен банкроттық рәсімдері әдіснамасы департаменті Д.Б. Әділхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Премьер-Министрінің Орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 12 мамырдағы
№ 218 бұйрығымен бекітілген
Нысан
Борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушы қорытындысының
үлгі нысанын
| ___________ | ______________________ |
| (күні) | (жасалған орны) |
20 ____________________ сот анықтамасын орындау үшін _____________________________________