«Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 84 бұйрығы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген, 2010 жылғы 11 тамыздағы № 326-327 (26170) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама:
мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
«21. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, бір уақытта электронды түрде жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 3, 4 тараулармен толықтырылсын:
«3. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне нақтылауды жүргізу тәртібі
22. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне нақтылауды аумақтық статистика органдарының лауазымды тұлғалары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1) Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің осы әдіснаманың талаптарына сәйкестігі;
2) әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарындағы жазбаларды тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің (бұдан әрі - ТҚТ) деректерімен өзектендіру мақсатында салыстырып тексеру және нақтылау;