«Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығы (2025.19.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығы

(2025.19.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025.01.08. № 303 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 19 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 1-тармағының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидалары және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті (С.Ғ. Әубәкіров) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. «Ұйымдардың жұмыскерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бағдарламасының мазмұны мен қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 27 шілдедегі № 303 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 15 тамызда № 7132 тіркелген, 2011 жылғы 4 қазандағы № 474-478 (26870) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.