Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидасы мен өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2011 жылғы 27 шілдедегі № 303 Бұйырығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығымен күші жойылды
«Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидасы;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А.Смаиловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.