Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялар саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 187 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялар саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Респуоликасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті (Н. А. Аязбаев) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет минисгрлігіне және ресми баспа басылымдарға жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.