«Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 802 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Казахстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 25-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Салық тіркелімдерінің нысандарын жасау қағидаларында:
25-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
35-тармақтың үшінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
41-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
43-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
«3) 3-бағанда - тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі), тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірін (бизнес-сәйкестендіру нөмірін) көрсету мүмкіндігі болмаған кезде, оның мынадай деректерінің біреуін көрсету қажет: жеке куәлігінің немесе паспортының нөмірі, мекенжайы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру немесе тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу орны;»;