«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 867 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының сипаттамасын бекіту туралы

 

ҚР Президентінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 549 Жарлығымен күші жойылды

 

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 59-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының сипаттамасы бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары туларының сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі № 445 Жарлығы;

2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі № 445 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 1148 Жарлығы.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2014 жылғы шілденің 25-і.

 

№ 867

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2014 жылғы 25 шілдедегі

№ 867 Жарлығымен бекітілген

 

 

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының
СИПАТТАМАСЫ

 

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жалауы тікбұрыш нысанды, ұзындығы - 145 см және ені - 115 см, үш жағынан алтын түстес шашақпен көмкерілген, көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес) матадан жасалады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.