«Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 660 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 369 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 14 қазандағы № ҚР ДСМ-130/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 25-тармақшасына және 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 660 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне № 5906 болып енгізілді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесі, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М.Ахметниязова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен одан бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.