(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ 2011.23.05 № 231 БҰЙРЫҒЫ

Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды
 өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 231 бұйрығы

 

Осы редакция 2014 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңының 46-1-бабына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (Қ.С. Тыныбеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (Қ.С. Тыныбеков) жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы

№ 231 бұйрығымен бекітілген

 

 

Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу

 ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізудің осы ережесі (бұдан әрі -Ереже) қабылдау-тарату орындарында орналастырылған адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу тәртібін реттейді.

2. Қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау қабылдау-тарату орнының әкімшілігі мен қызметкерлеріне жүктеледі.

 

 

2. Қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.