Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесiн тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қазандағы № 1051 қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнің «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайын құру туралы» 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1431 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігiнің «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесі таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының