Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 Қаулысы
(2025.24.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Қаулыға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1092 Қаулысын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Үкіметінің 2023.31.05. № 430 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.