«Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығы
(2012.29.12. берілген өзгерістермен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес қаулы етемін:
ҚР Президентінің 2005.01.08. № 1624 (бұр.ред.қара); 2008.28.11. № 702 (бұр.ред.қара) Жарлықтарымен 1-тармақ өзгертілді
1. 2028 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы құрылсын.
ҚР Президентінің 2012.29.12. № 457 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;
2) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.
3. Осы Жарлық 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.