ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
(2012.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 1996 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының мақтаны қайта өңдеу өндірісі кәсіпорындарын, тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2008.23.10. № 683 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2030 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңге «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылсын.
ҚР Президентінің 2012.29.12. № 457 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;
2) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының