Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Осы редакция 2014 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2036 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) АЭА туралы ереже;
2) АЭА-ның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) осы Жарлықтан туындайтын тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылдауды;
2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалауын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.