«Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешімі (2018.23.08. берілген өзгерістермен)

Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы туралы
Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешімі

(2018.23.08. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы бекітілсін.

2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Астана қаласы мәслихатының

2014 жылғы 27 маусымдағы

№ 249/36-V шешімімен бекітілген

 

 

Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу

қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

Астана қаласы мәслихатының 2016.24.06. № 36/7-VI шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); Астана қаласы мәслихатының 2018.23.08. № 297/36-VI шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді.

2. Қағиданы келесілер орындауға міндетті:

1) жергілікті атқарушы органдар;

2) теңгерімінде, жедел басқаруында, шаруашылық жүргізуінде немесе жалға алуда, қызмет көрсетуінде жылумен жабдықтау көздері, инженерлік құрылыстар, коммуникациялар мен ғимараттары бар, ведомстволық бағыныстылығы мен меншік түріне қарамастан, кондоминиумды басқару органдары;

3) Астана қаласының тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешені объектілерін салу, монтаждау, қалыпқа келтіру және жөндеу жұмыстарын атқарушы құрылыс-монтаждау, жөндеу және қалыпқа келтіру ұйымдары.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.