Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 3/598 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Алматы қаласы әкімінің аппараты бір апталық мерзімде осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.