Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1567 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелері жоқ объектілердің құрылысын салуға арналған жобалық шешімдерді келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 48 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 2, 21-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелері жоқ объектілердің құрылысын салуға арналған жобалық шешімдерді келісу ережесінде:
6-тармақтағы 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін халықаралық, ұлттық стандарттар, шет мемлекеттердің стандарттары, алдын ала ұлттық стандарттар;
2) тармақша алынып тасталсын.
2. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қазандағы № 949 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 40, 449-құжат):