Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 150/5 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 259/7 Қаулысы
(2015.06.08. берілген өзгерістермен)
Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 317/11 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Павлодар облыстық әкімдігінің 2015.06.08. № 237/8 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 150/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3842 тіркелді, 2014 жылғы 12 маусымда «Сарыарқа самалы» газетінде, 2014 жылғы 10 маусымда «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланды) келесідей толықтырулар енгізілсін:
«Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түсті және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
4-бөлім келесі мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: