Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 237/8 Қаулысы
Павлодар облысының әкімдігінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 258/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
2) «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін.
2. Павлодар облысы әкімдігінің мына қаулыларындағы:
2014 жылғы 6 мамырдағы «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 150/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3842 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 маусымдағы «Звезда Прииртышья» газетінде, 2014 жылғы 12 маусымдағы «Сарыарқа самалы» газетінде жарияланған) қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы алынып тасталсын;