«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 237/8 қаулысымен Бекітілді) (күші жойылды)

Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 6 тамыздағы

№ 237/8 қаулысымен

Бекітілді

 

Павлодар облысының әкімдігінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 258/5 Қаулысымен күші жойылды


 «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

 «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - ХҚКО);

www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы» (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсету нәтижесі туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығымен бекітілген «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.