«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына 1-қосымша) (2019.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.11.01. № 13 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.18.04. әуірдегі № 105 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 495 бұйрығына

1-қосымша

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығымен күші жойылды

 

«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) әзірленген.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2019.12.07. № 196 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап:

лицензияны беру - 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны қайта рәсімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

заңды тұлға - лицензиаты басқа заңды тұлғаға бөліп шығу, бөліну нысанында қайта ұйымдасқан кезде лицензияны қайта рәсімдеу - 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.