«Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 308-ө Бұйрығы (күші жойылды)

«Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 308-ө Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 971 бұйрығымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8031 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2012 жылғы 15 қарашадағы № 173 (2181) жарияланған) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби стандарттардың құрылымы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

біліктілік - қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайындық дәрежесі;

біліктілік деңгейі - еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкердің дайындық деңгейіне және құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

еңбек функциясы - бір немесе бірнеше еңбек процесі міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.