«Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығы 2014.30.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығы

(2014.30.06. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 971 бұйрығымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кәсіби стандарт құрылымы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кәсіби стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидалары бекітілсін.

2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) белгіленген заңнамалық тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013.31.12. № 689-ө-м бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2014.30.06. № 308-ө бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі міндетін атқарушының

2012 жылғы 24 қыркүйектегі

№ 374-ө-м бұйрығына

1-қосымша

 

 

Кәсіби стандарттың құрылымы

 

1. Жалпы ережелер

2. Кәсіби стандарттың паспорты

3. Қызметкер кәсібінің карточкасы

Ескертпе:

1. «Жалпы ережелер» 1-бөлімде кәсіби стандарттың қолдану саласы, сондай-ақ терминдер және анықтамалар, қолданылатын қысқартулар сипатталады.

2. «Кәсіби стандарт паспорты» 2-бөлім:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.