«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 887 Қаулысы (күші жойылды)

«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 887 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 5 тамыздағы

№ 887 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының
2014 - 2023 жылдарға арналған даму

стратегиясы

 

«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ӘКК) 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысымен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысымен мақұлданған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына (бұдан әрі - Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасы) сәйкес әзірленген.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.