«Атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) құру және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 70 бұйрығы (2021.15.02. берілген өзгерістермен)

Атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) құру және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 70 бұйрығы

(2021.15.02. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Бас Прокурорының 2015.05.01. № 4 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.26.09. № 108 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Бас Прокурорының м.а. 2020.02.07. № 82 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкі (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) құрылсын.

2. Қоса берілген атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі)жүргізу жөніндегі Нұсқаулығы бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге;

2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің Төрағасына жүктелсін.

5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.