Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» номинациясындағы атақтарды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 маусымдағы № 297 бұйрығы
(2025.19.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.29.06. № 185 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.22.12. № 378 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» номинациясындағы атақтарды беру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт бойынша агенттігі төрағасының ««Жыл спортшысы» Республикалық конкурсы туралы» 2000 жылғы 7 сәуірдегі № 1-1-2/111 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 2 мамырда № 1125 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті (С.М. Жарасбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің интернет-ресурсында ресми жариялануды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.