«Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру- спорттық ұйымдарға «Үздік» номинациясындағы атақтарды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 маусымдағы № 297 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 378 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» номинациясындағы атақтарды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 маусымдағы № 297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
осы бұйрықпен бекітілген Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» номинациясындағы атақтарды беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағида (бұдан әрі – Қағидалар) Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» номинациясындағы атақтарды берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. «Үздік» номинация атағына үміткер (бұдан әрі - үміткер) спортшылар, жаттықтырушылар, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар және дене шынықтыру-спорттық ұйымдар (бұдан әрі - ДШСҰ) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне (бұдан әрі – Комитет) мынадай құжаттарды ұсынады: