Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығы
(2016.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 124-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Орынбасары-Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 31 шілде
№ 324 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң
және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк
есептiлiктi жасау және ұсыну
қағидалары
1. Жалпы ережелер