Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығы
ҚР Бас прокурорының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 68 бұйрығымен күші жойылды
Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдалануды жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (әрі қарай - Комитет) осы бұйрықты:
1) мемлекеттік тіркеуге алу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне;
2) орындау үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, сонымен қатар Комитеттің аумақтық органдарына жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми түрде жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.