Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Иеліктен шығаруға жатпайтын объектілердің тізбесі туралы
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 94-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған иеліктен шығаруға жатпайтын объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз шешімдерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 422 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 29, 354-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 422 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1021 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 68-құжат).
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.