Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының, Қазақстан Республикасының командаларының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларының құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 289 бұйрығы
(2025.20.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2022.16.11. № 327 бұйрығымен (2022 ж. 2 желтоқсанан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Туризм және спорт министрінің 2025.27.06. № 106 бұйрығымен (2025 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2022.16.11. № 327 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 2 желтоқсанан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Туризм және спорт министрінің 2025.27.06. № 106 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының, Қазақстан Республикасының командаларының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларының құрамын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Мыналар күші жойылды деп танылсын: