2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 107-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министрінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 107-ө өкімімен
бекітілген
2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің
тізбесі