Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 50/02 Қаулысы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 18/02 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына, «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Мыналардың: