«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне кредиттеу жөніндегі құжаттамаға талаптарды белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 145 Қаулысы (2018.29.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне кредиттеу жөніндегі құжаттамаға талаптарды белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 145 Қаулысы

(2018.29.10. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 Қаулысымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.10. № 257 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6877 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 31 мамырда № 226-227 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

3-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакциясы:

«11) негізгі борышы уақтылы өтелмеген және сыйақы төленбеген жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібі және оның мөлшері. Жеке тұлғаға қарыз беру кезінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) шекті мөлшері, сондай-ақ Банктер туралы заңда көзделген есептеу тәртібі көрсетіледі;»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Шартпен бірге тараптардың қолдары қойылған қарызды өтеу кестесі беріледі, онда:

шарттың нөмірі мен жасалған күні;

қарыз сомасы мен валютасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.