(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТ...

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне кредиттеу жөніндегі құжаттамаға талаптарды белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 145 Қаулысы

 

Осы редакция 2018 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 25 сәуірде № 62 (1091) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде:

кіріспе мынадай редакцияда жазсылсын:

«Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі - Заң) 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктердегі кредит тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленді және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және банктік заем операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың, екінші деңгейдегі банктер, оның ішінде ислам банктері мен «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - банк) кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібін белгілейді.»;

1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«11) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;

8-тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.