Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 91 бұйрығы
(2026.26.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Бас Прокурорының 2026.03.07. № 107 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 197 бабының алтыншы бөлігіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын ғылыми-техникалық құралдарды қолдану қағидасы бекітілсін.
2. «Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдану туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 31 мамырдағы № 68 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7738 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 тамыздағы № 11 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын.
4. Осы бұйрықпен Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволары мен мекемелерінің бастықтары және қызметкерлері таныстырылсын, облыстардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін.
5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Қ. Мәми
17 қыркүйек 2014 ж.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің