«Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдану туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 31 мамырдағы № 68 Бұйрығы (күші жойылды)

Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдану туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 31 мамырдағы № 68 Бұйрығы

 

ҚР Бас Прокурорының 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 91 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдану туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау департаменті осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік органдарға жолдасын.

4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Келісілді:

Қазақстан Республикасы

Экономикалық қылмысқа және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

күрес агенттігінің

(қаржы полициясы) төрағасы

Р. Түсіпбеков

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік

комитетінің төрағасы

Н. Әбікаев

 

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

Қ. Қасымов

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2012 жылғы 31 мамырдағы

№ 68 бұйрығымен бекітілген

 

 

Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын

техникалық құралдарды қолдану туралы

 нұсқаулық

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Нұсқаулық сотқа дейінгі іс жүргізу процесінде алдын ала қылмыстық iзге түсу органдары пайдаланатын тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдануды нақтылайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.