(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.20.09 № 928 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 928 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыру бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

 Қазақстан Республикасының

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 20 қыркүйектегі

№ 928 қаулысымен

Бекiтілген

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiне

енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

 

1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

1) «Астана қаласы» деген бөлiм:

мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-65-жолмен толықтырылсын:

«21-65 «Казахстанская правда» республикалық газетi» АҚ»;

2) «Алматы қаласы» деген бөлімде:

реттiк нөмiрі 123-1-жол алынып тасталсын;

реттік нөмiрi 123-6 «Жас өркен» ААҚ» деген жолдағы «ААҚ» деген аббревиатура «ЖШС» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.