«Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1299 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 (бір жүз) пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік пакеті республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласының әкімімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің