Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 177 Қаулысы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 204 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін:
1) «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»;
3) «Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру»;
4) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;
6) «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»;