Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1819 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қайта аталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
6-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.