Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 Қаулысымен тақырыбында және мәтінде сөздер өзгерді (бұр. ред. қара)
Елдің экономикасындағы туризмнің рөлін арттыру және туризмді дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Туризм жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. № 361; 25.09.01 ж. № 1233; 03.04.02 ж. № 397; 23.04.03 ж. № 387 (бұр. ред. қара);16.10.03 ж. № 1059; 19.02.04 ж. № 194;30.07.04 ж. № 807 (бұр. ред. қара); 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара); 2007.30.11. № 1155 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 844 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен құрамы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.29.01. № 55 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1371 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан РеспубликасыҮкіметінiң
2000 жылғы30 қазандағы
№ 1631қаулысына
қосымша
Туризм жөніндегі кеңес құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы, хатшы