Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде
(2014.29.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы 4-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы туралы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 50, 572-құжат) 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 435 және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 435 өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 544 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 207-құжат) өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.