Кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға тексеру жургізу жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 253 өкімі
(2014.12.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға тексеру жүргізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Комиссия 2014 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде заңнамаға тексеру жүргізуді жүзеге асырсын және кәсіпкерлік субъектілері қызметінің жағдайларын жақсарту мен мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын ретке келтіруге бағытталған ұсыныстар әзірлесін.